Табиғатты аялау

Гипс негізінде өнім шығарушылары өзінің қоршаған ортаны қорғауға жасаған салымдарын мақтан етеді. Қолдағы табиғи қорға аялаумен қарау дәстүрі және өндіріліп болған гипс шығару орындарын қайта қопсыту өндіріс пен құрылыс қалдықтарын қалпына келтіру мен қайта қолданумен толықтырылады.

Ресейде КНАУФ фирмасы өз инвестициялық қызметінің басынан-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар қолданған. Біздің кәсіпкерлеріміздің экологиялық қызметінің негізгі міндеті болып қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету, қоршаған ортаны қорғау бойынша заңдар мен ережелер талаптарын орындау келеді.

Гипс ұстастырғыш пен құрғақ құрылыс қоспаларын, аса сапалы КНАУФ-беттерін, КНАУФ- гипс плиталарын шығаратын кәсіпорындар заманға сай, қалдықсыз, жоғары тиімді шаң ұстағыш жабдықпен қамтамасыз етілген болып сипатталады.

КНАУФ өнімі өндірісін кеңейту кезеңінде жүргізілген негізгі табиғатты қорғау шаралары болып төмендегілер келді:


  • үстінгі суағардың тазалау құрылыстарын салу және іске қосу;
  • кәсіпорынның өндірістік алаңдарында сумен қамтамасыз етудің су айналым жүйесі мен тазалау құрылыстары бар көлік жуатын орныдарды салу;
  • гипс шаңын шығаратын көздерін жоғары өнімді газ тазалағыш қондырғыларымен жабдықтау.

«Өлшеулер бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңның талаптарына сәйкес кәсіпорындарда санитариялық зертханалардың қалдықтарды атмосфералық ауаға тастау нормативтер бақылауын орындау бойынша мемлекеттік аттестациясы жүргізілді.

Гипс сыламасын құрылысқа жеткізу үшін арнайы контейнерлерді қолдану тасталған қағаз қаптама көлемін азайтады. Қолданылатын қаптама материалдар санын азайту мен оларды қайталап өндірудің маңызы өсіп келеді.

Құрамында гипс бар қайта өндірілген құрылыс қоқысы үшін көптеген қолдану салалары табылады. Мысалы, ол жолдар құрылысында пайдаланылады. Оны қоқыс тастайтын жерлерде қолдану метан шығуын төмендетеді. Басқа құрылыс материалдары барлық құрылыс қоқысының үлкен бөлігін құратындықтан, біз құрылыс материалдарын өндіретін басқа салалардағы әріптестерімізбен тығыз ынтымақтастық құрудамыз. Бұл гипс өндірісі өзіне қоғам алдында жауапкершілік алады дегеннің үлгісі болып келеді.