КНАУФ-тың ТМД-дағы тарихы

1970 жылдан бастап, доктор Альфонс Кнауф пен доктор Франц Виршинг Кеңес Одағының кейбір ғалымдары мен институтарымен ұдайы түрде ғылыми тәжірибе алмасып тұратын. 70-інші жылдар аяғында, осы байланыстар жалғасы ретінде, Мәскеуде «КНАУФ Инжиниринг» компаниясының өкілдігі ашылды.

Экономикалық өзгерістер басталуы мен мемлекеттік құрылымы ауысуымен КНАУФ Ресейдің гипс өндірісіне қатысу мүмкіндігіне қызыға түсті. Фирма өкілдері кейбір кәсіпорныдарын барып көріп, алғашқы келіссөздерге кірісті. Қорытындылары жұбанышты болған емес: зауыттардың көбі нашар жағдайда болған, қосалқы бөлшектерді сатып алу мүмкіндігі болмаған, көп уақыт бойы техникалық қызмет көрсету жүргізілмеген, олар өндіретін өнімнің ассортименті мен сапасы заман талаптарына мүлдем сай келмегендіктен, оның ешкімге қажеті болмаған,

Жоғарыда көрсетілген мен айтарлықтай тәуекелге қарамастан, КНАУФ басшылығы Ресейдегі өндірістік қызмет туралы шешім қабылдады. Шешуші факторы ретінде ресейлік нарықтың аса зор мүмкіндігі болып келді.

Бірінші кезеңде компанияны сол кезде бар болған құрылыс материалдар өндірушілерінің инвестициялық сайыстарда сатып алынатын капиталға қатысуы қызықтырған. Осындай үлгілердің бірі болып, 1993 жылы Мәскеу өңіріндегі «Жылу оқшаулағыш және гипс бұйымдар комбинатының» (ЖОГБ) акциялар шағын пакетін сатып алуы келді. Бұдан кейін – Краснодар өңіріндегі «Кубан гипсі» кәсіпорнына, Санкт-Петербургтегі «Победа» мен Картон-полиграфиялық комбинатына, Тула облысындағы «Гипс» және Нижегородская облысындағы «Авангард» кәсіпорындарына қатысу болды.

КНАУФ фирмасының ұсыныстары әрдайым ең жақсы болып шығатын. Сайыста жеңіп шығу үшін, сатып алынатын акциялардың бағасы ғана емес, кәсіпорынның дамуы бойынша табысты инвсетициялық бағдарламасының маңызы зор болды. Өз жобаларында КНАУФ фирмасы бар болған өндірістердің, олар нарық талап ететін ең жоғары сапалы өнімді шығара алсын деп, сапалы жетілдіруін ұсынған. Сонымен бірге әр нақты бір зауыттың ерекшеліктеріне, жұмыскерлердің әлеуметтік қорғауларына және экология мәселелеріне айтарлықтай назар аударылатын.

Кеңес Одағынан мұраға қалған зауыттар алуан зор жер көлемін алып жатқанына қарамастан, олардың өндірістік қуаттары өте шектелген болатын. Сондықтан КНАУФ фирмасының ресейлік тарихындағы келесі кезеңі ретінде олардың өнімділігін арттыру болды. Зауыттар аумағын ешбір кеңейтусіз, КНАУФ фирмасы өндіріс көлемін кейбір жағдайларда екі және оданда көп есе рет үлкейте алды. Бар болған желілер жөнделіп, немесе ішінара жаңаларға ауыстырылды.

Қарқынды дамып кел жатқан Ресей нарығы сол кезде жеке құрылыс материалдарын ғана емес, құрылыс мәселелерінің дайын шешімдерін қажет ететін. Батыс Еуропа елдерінде КНАУФ фирмасы осындай шешімдерді жиынтық жүйелер ретінде ұсынатын. Олардың құрамына енетін материалдардың кейбіреулері сол сәтте Ресейде өндірілмейтін.

Компания жаңа өндірістер құрылысына айтарлықтай қаражат салып, жетіспейтін компоненттерді импорт арқылы кіргізетін. Бар болған корпустардағы ескірген жабдықтың орнына жаңасын орнататын. Осылайша Красногорскте, Санкт-Петербург пен Псебайда металл кескіндерін, Красногорскте, Баскунчакта, Псебайда, Челябинскте, Дзержинск пен Санкт-Петербургте гипс негізінде құрғақ құрылыс қоспаларын шығару бойынша зауыттар, Новомосковскте бөлме аралық қалқалар үшін гипс плиталар өндіретін жүйелер салынды.

Жаңа өндірістік корпустар салына бастады. Жаңа заманға сай зауыттар жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бос аумақтарында немесе олардың жанында құрылды. 1997 жылы Санкт-Петербургте Еуропадағы ең жетілдірілген құрылыс керамика зауыты іске енгізілді. 2000 жылы Новомосковскте жаңа КНАУФ-беттер өндірісі жұмыс істей бастады.

Бірақ нарық қосымша өнім көлемдерін талап етіп, 2003 жылы Новомосковскте тағы бір, әлемдегі ең ірі, КНАУФ-беттерін өндіретін зауыт ашылды. Тула облысындағы кәсіпорын КНАУФ фирмасының бүкіл әлемдегі ең ірі өндірістік кәсіпорныдарымен бір қатарға тұрды.

2003 жылы Красногорскте цемент негізіндегі құрғақ құрылыс қоспалары мен қолдануға дайын құрамдарын өндіру зауыты салынды. Іске қосылуы 2004 жылғы сәуірде болған кәсіпорын әлемдегі ең жетілдіргендерінің бірі болды.

Пермь өлкесінде жобалауы таза беттен басталған, Ресейдегі КНАУФ-тың алғашқы өндірістік кәсіпорны салынды. Бұл жерде еш уақыт өндіріс болып көрмеген. Тек ірі панельді үйлердің бөлшектерін өндіретін болашақ зауыттың салынбау қалған корпустары ғана болған. Қазіргі ауқытта «КНАУФ гипс Кунгур» - заманға сай жабдық, жоғары сапалы өнім мен басқарудың үздік технологиялары.

Ресейдегі өз кәсіпорындарының дамуына қаражат салып, КНАУФ фирмасы өзінің «клиентке жақын болу», оны жоғары сапалы өнімдермен қол жетерлік бағамен қамтамсыз ету қағидасын іске асырады. Елдегі компания қызметінің философиясы Ресей нарығына ел ішінде ресейлік шикізаттан, жергілікті қызметкерлерді тартып, өндірілген, инновациялық және энергия үнемдейтін құрылыс материалдарын жеткізу, зауыттарды қазіргі заман өндіруші-кәсіпорныдар деңгейіне дейін дамыту және маркетингтің озық құрылымын құрудан көрінеді.

Ресейден кейін КНАУФ фирмасы Украина нарығына шықты. 1994 жылы Киев гипс комбинатына үлестік қатысу туралы келіссөздер басталды. Бұл комбинат КСРО кезінде осы табиғи материалдан өнім шығаратын. Нарықты халықаралық КНАУФ тобының жаңа өнімдеріне дайындау үшін, 1996 жылы Киевте бірінші болып маркетинг және сату құрылымдары өз қызметін бастады. 1999 жылға дейін КНАУФ-тың инвестициялық бағдарламасы арқылы кәсіпорында гипс картон беттерін өндіретін жаңа қондырғы орнатылды, гипс зауыты жетілдірілді, сонымен бірге зауыт аумағындағы барлық ғимараттардың қайта құрылуы жүргізілді. Қала шегінде орналасқан зауыт өндірістің экологиялық қауіпсіздігіне қойылатын ең қатаң талаптарына сай келеді және қоршаған ортаға ашық көңілмен қараудың үлгісі болып келеді.

Бұрынғы одақтас республикалардағы гипс өндірістеріндегі жағдай елден елге қарағанда айтарлықтай айырмашылығы болмай, КНАУФ фирмасына таныс болды. Сондықтан 1996 жылы молдовалық Крива және Бэльц қалаларындағы кәсіпорныдармен инвестициялық келіссөздерге қол қойған соң КНАУФ фирмасы дереу өндірісті жетілдіруге кірісті. Бэльцте бар болған гипс ұстастырғышын өндіру қондырғысы жұмыс күйіне келтірілді, жоғары өнімді қоспалауыш қондырғысы іске қосылды. Бұған қоса жаңа өнімді – бөлме аралық қалқалар үшін гипс ойық-қырлы плиталарын - өндіруге арналған жабдық орнатылды. Кривада кен шығаратын жабдық жетілдіріліп, гипс тасы үшін жаңа қуатты үгу және тиеу қондырғысы құрылды.

КНАУФ фирмасының Қазақстанның құрылыс саласына келу туралы шешім 2001 жылы қабылданды. Ол кезде компания, ТМД елдер арасындағы ең қарқынды дамып келе жатқан бірі болуға мүмкіндік берген, нарықтық реформаларын қасарыса жүргізіп жатқан елдің мүмкіндігіне сенім артқан болатын. Сондықтан елдің халықаралық қоғамдастықтағы өсіп келе жатқан мәні мен Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсуде КНАУФ фирмасы жергілікті нарықты жоғары сапалы құрылыс материалдарымен қамтамсыз ету үшін Алматы маңында қазіргі заманға сай зауыт салуды шешті.

Кәсіпорынның өндірістік цехтарын КНАУФ фирмасы Инвестициялар мен даму бойынша неміс қоғамымен бірге кеңес инженерлері 1989 жылы құрған технологиялық алаңдар негізінде салды. Үш жылдан артық жыл ішінде өндірістің көлемді жетілдірілуі жүргізілді: гипс тасының қоймасы қайта құрылды, уатқыш қондырғысының күрделі жөндеуі жасалды, КНАУФ-беттерін өндіретін жаңа конвейерлік желісі орнатылды, металл кескінің өндіру бойынша жаңа желісі және т.б. салынды. «КНАУФ Гипс Қапшағай» кәсіпорнын шикізатпен қамтамасыз ету үшін Жамбылдың маңындағы «Үлкен Бұрылтау» карьерінде гипс тасын өндіріп шығару үшін лицензия алынды.

2004 жылғы қазанда КНАУФ Қазақстан Республикасында Атырау маңындағы Индебор кентінде орналасқан екінші кәсіпорынды - «ИСИ гипс» - сатып алды.

Халықаралық КНАУФ тобының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдер нарығында жасаған алғашқы қадамдары осындай болды. Бүгінгі күні КНАУФ – Ресей, Украина, Қазақстан және Молдованың құрылыс саласындағы жергілікті мамандарды тартып, жергілікті шикізаттан жоғары сапалы өнімді шығаратын аса ірі неміс инвесторы болып келеді. Ресей кәсіпорындарынан басқа КНАУФ ТМД тобына Украинадағы үш кәсіпорын, Қазақстандағы – үшеуі мен Молдова мен Өзбекстанда бір кәсіпорыннан кіреді; Украинада, Қазақстанда, Белоруссия мен Өзбекстанда маркетингтік фирмалар құрылған, Грузия мен Әзербайжанда өкілдіктер ашылған.

 
раскрутка одесса