КНАУФ фирмасының құрылу тарихы

Ең алдымен идея тап болды. Тау инженерлері, ағайындылар Альфонс және Карл Кнауф, 30-ыншы жылдар басында гипске таң қалған болатын. Олар табиғаттың бұл бірегей туындысын, құрылыс тез, сапалы, әрі үнемді болатындай, өзгертуді армандаған. Өз ойларын олар экономикалық дағдарыс қызған кезінде, 1932 жылы «Райнише Гипсиндустри унд Бергверксунтернемен» фирмасын құрып, іске асыра бастаған.

Туған жерлерінде олар Шенгендегі гипс шығаратын орынды өңдеуге құық алып, Перлде Мозель өзенінің жағасында гипс негізіндегі құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша алғашқы зауыт ашқан. Бұл кәсіпорындар бүгінгі күні бүкіл әлемге танымал КНАУФ тобының алғашқы зауыттары болып шықты. 1949 жылы Германия Федерациялық Республикасы құрылған кезде, КНАУФ фирмасы өз тарихын жаңадан бастады. Солтүстік Баварияда, Ипхофен қаласында, бүгінгі күні фирманың штаб-квартирасы орналасқан жерде, алдымен гипс құрылыс материалдарын өндіру бойынша зауыттың негізі қаланған, ал 1958 жылы – гипс картон беттерін өндіру бойынша алғашқы зауыты салынды.

Германиялық «экономикалық ғажап жылдары» компанияның екпінді дамуы болды, оның нәтижесінде шағын фирма бүкіл әлем бойынша өнім шығаратын кәсіпорындар жанұясына айналады.

Бұған қарамастан КНАУФ бүгін де классикалық отбасылық кәсіпорны болып саналады, сондықтан ғана соншалық табысты болып келеді.

Компанияның алғашқы өнімі ретінде сылама қоспалары болып келді. ХХ ғасырдың 60-ыншы жылдар ортасында КНАУФ алғашқы машиналық сыламасын (МП 75), сонымен бірге сылама машинасын да шығарды. Сол уақытта еденге арналған ангидрит негізіндегі сұйық тұтастырғының өндірісі жолға салынды.

1958 жылы алғашқы гипс картон беттерінің өндіріс іске асырумен КНАУФ фирмасының тарихында жаңа кезең басталды. Компанияның беталысы беттерді өндіру мен сатуға ғана емес, тұтынушыларға ілеспелі өнімдердің барлығын, яғни құрғақ құрылыс үшін дайын шешімдерді, ұсынуға бағытталатын.

Өнім ассортименті кеңейді, оның ішінде арнайы құрал-саймандар мен қабырға және төбелік құрылмаларды орнатуға арналған металл кескіндер арқылы да.

1970 жылы КНАУФ компаниясы «Дойче Перлите ГмбХ» (Дортмунд) фирмасының құжаттар пакетін сатып алғанда, ол алғашқы рет қаражаттарын гипстен өндірілмейтін өнімге инвестициялаған. Одан кейін әктас пен цемент негізіндегі құрылыс қоспалары, құрылыс химиясы мен «Аквапанель» цемент плиталары пайда болды.

Францияда КНАУФ тобы қаптамаға арналған көбік полистиролдан дайын элементтер, сонымен бірге көлік және электрон өндірісіне арналған құйылған бөлшектерді өндіреді.

Қызметінің жан жақты даму барысына қарамастан, көп уақыт бойы құрғақ гипс қоспалары мен құрғақ құрылыс жүйелер өндірісіне негізгі көңіл бөлінетін. Тек жылдар өтісімен ғана компания бизнесі тіреуілерінің біреуі ретінде тез дамып келе жатқан оқшаулағыш материалдар өндірісі болды. Бұл үдерістің басы 1978 жылы, компания Швелбивилде (АҚШ) шыны талшықтан оқшаулағыш материалдарды өндіретін зауытты сатып алғанда, салынды.